АСТАНА, 28 қар — Sputnik. "Жер мәселесі" бойынша екі белсенді Макс Бокаев пен Талғат Аяновты бас бостандығынан айыруға сот үкімі шығарылды деп хабарланды Атырау облыстық сотының ресми сайтында.
Дүйсенбі күні 28 қарашада №2 сот үкім шығарды.
Бокаев М.К. мен Аянов Т. Т. ҚК 174-бабы 2-бөлігі (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы арасында әлеуметтiк немесе ұлттық алауыздық туғызу), 274-бабы 4-бөлігі 2 пункті (жария іс-шаралар өткізу кезінде жасалған көрінеу жалған ақпарат тарату), 400-бабы (митингілердi ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу) бойынша айыпты деп танылды.
Сот үкімімен Бокаев пен Аянов бес жылға бас бостандығынан айырылып, үш жылға қоғамдық қызметте істеуге тыйым салынды; ҚК 400-бабы бойынша 250 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.