АСТАНА, 9 жел – Sputnik. Алматыда полицейлер 22 жасар қала тұрғынын ұстады, оның көліктердің мемлекеттік нөмірлерін ұрлап, оларды қайтару үшін өтеуін төлеуді сұраған жиырма шақты деректерге қатысы болуы мүмкін деп хабарлады Алматы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жас жігіт түн ішінде көліктік құралдардың мемлекеттік нөмірлерін шешіп алып, орнына өтеуін төлетіп алу үшін хат қалдырып кетіпті.
"Көлік иелеріне бұл адам А4 парағына жазып хат қалдырып кеткен. Онда нөмірді қайтарып алу үшін көлік иесінің не істеуі керектігі рет-ретімен жазылған. Соңында бұл қаражаттың игілікті іске жұмасалып жатқандығын айтыпты. Алайда, шын мәнісінде, жедел тергеу нәтижелері көрсеткендей, жас жігіт қылмыстық жолмен тапқан ақшаны өз қажетіне жаратқан", — дейді Бостандық ауданы ІІБ басшысы, полиция подполковнигі Берік Әділбеков.
Подполковник Әділбековтың мәліметіне сүйенсек, Бостандық ауданы бойынша сот алды тергеудің қазіргі кезеңінде ұсталған азаматтың осындай сипаттағы 22 қылмысқа қатысы бары анықталған. Төрт жағдайда жәбірленушілер қылмыскердің айтқанына көніп, талаптарын түгелдей орындаған. Қалғандары ұрлық жайында полицияға шағым түсірген.
Қазіргі уақытта алаяқ ІІД уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Жақын арада тергеушілер сот алды тергеу мерзімінде оған қарсы бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселені көтеретін болады.