Қоғам

Алматыда "емші" алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

© РИА Новости / Медиабанкке өтуБал ашу
Бал ашу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балгер әйел арзан бағада жылжитын және жылжымайтын мүлік алуға көмектесемін деп аңғал алматылықтарды алдаған.

АСТАНА, 6 жел — Sputnik. Алматы полицейлері "емші" әрі "балгер" әйелдің бірнеше алаяқтыққа қатысы бар-жоғын анықтауда деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, 1968 жылы туылған азаматша Р. Ақылованың атына төрт клиенті шағым түсірген.

© Photo : Алматы қаласы ішкі істер департаментіАлаяқтық жасады деген күдікке ілінген алматылық емші әйел
Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген алматылық емші әйел - Sputnik Қазақстан
Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген алматылық емші әйел

Ақылова дәстүрлі емес жолмен емдеп, бал ашамын деп адамдарды үйінде қабылдаған. Содан соң, әйел арзан бағада пәтер алуға және банкте кепілдікте тұрған көліктерді сатып алуға көмектесемін деп клиенттеріне уәде берген. 

Көрсеткен "қызметі" үшін Ақылова 100 мың теңгеден бастап сыйақы алыпты, алайда берген уәдесінде тұрмапты.

"Сот алды тергеу жұмыстарының аясында бұл адамның басқа да алаяқтықтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатырмыз, сол себепті халықтан балгер әйелді таныған жағдайда келесі нөмірлерге хабарласуын сұраймыз: 298-53-00 және 298-53-01", — деді Әуезов ауданы ІІБ басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Құмарбек Кеншінбаев.

Жаңалықтар
0