Саясат

ҚР парламенті Жер кодексінің қоғам назарына ілінген нормаларына мораторийді ұзартты

© SputnikҚР Парламенті
ҚР Парламенті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұқара халықтың басым көпшілігі шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беруге наразы болғандықтан, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мораторий енгізген болатын.

АСТАНА, 9 жел – Sputnik. Қазақстан парламентінің сенат депутаттары шетелдіктерге Жер кодексіне ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беруге мүмкіндік беретін түзетулердің енгізілуіне жарияланған мораторий мерзімін ұзартты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

АҚШ елшілігі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Жер белсенділеріне" шығарылған үкім АҚШ дипмиссиясының алаңдаушылығын туғызды

Сонымен, мораторий мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсаннан 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

ҚР 2016 жыл 30 маусымдағы "ҚР 2015 жыл 2 қарашадағы "ҚР жер кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңын күшіне енгізуді және ҚР Жер кодексінің жекелеген нормаларының қызметін тоқтату туралы" заңына өзгертулер енгізу туралы" заң жұма күні сенаттың пленарлық отырысында қаралды. 

Жаңалықтар
0