Спорт

Қазақстан тоғыз құмалақ бойынша Азия чемпионатына қатысады

© Sputnik / Табылды КадырбековТоғыз құмалақ ойыны
Тоғыз құмалақ ойыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Азия біріншілігі 14-21 желтоқсан аралығында Бішкек қаласында өтеді.

АСТАНА, 9 жел – Sputnik. Бішкекте тогуз коргоолу (тоғыз құмалақ) бойынша ашық Азия чемпионаты өтеді, оған алты елден спортшылар шақырылды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Жарыстар 14-21 желтоқсан аралығында Ұлттық кітапханада үш санат бойынша ерлер мен әйелдер арасында өтеді. Олар стандарт, блиц және рапид. 

Novaliveband - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Қазақстандық орындаушылар MC_Doncha хитын жетеріне жеткізіп шырқады

Сайысқа Қытай, Моңғолия, Түркіменстан, Қазақстан, Түркия, Оңтүстік Корея және Қырғызстан командалары шақырылды. Спортшылар саны әзірге нақтыланбайды. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдер, дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады. 

Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.


Жаңалықтар
0