АСТАНА, 7 жел – Sputnik. Қазақстандық рок-топ "Novaliveband" қырғыз вайнері Данияр Токтомамбетовтың көпшілікке танылған жауапсыз махаббат туралы "Слезы тикли вверх" әнінін жетеріне жеткізіп орындады деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Музыкалық ұжым композицияны ұлттық аспап – домбыра және электронды гитарамен сүйемелдеді. Бейнежазбаны топтың дыбыстық продюсері Ернар Смағұлов өз парақшасында жариялаған болатын.
Смағұловтың айтуынша, әншілер алғаш рет сover-стилінде ән орындаған. Данияр Токтомамбетов бұл орындау туралы әзірше пікірін білдірген жоқ.