АСТАНА, 8 жел — Sputnik. Жыл басынан бері ЭКСПО-2017 нысандарында онға жуық дерек анықталды, оның ішінде екі өліммен аяқталған және алты жарақат алу жағдайы, деп хабарлады Астана қалалық Есіл ауданының прокуроры Талғат Әлібаев.
Қадағалау ведомствосының ақпаратына сәйкес, 2016 жылдан бастап, өкілетті органдар "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының дирекциясымен бірігіп көрме нысандарында өндірістік жарақат алу жағдайлары бойынша жұмыс жүргізді.
Прокурордың мәлімдеуіне сәйкес, мониторинг құрылыста тартылған субмердігерлік ұйымдардың қызметінде "онша сәтті емес көріністі" анықтаған.
"Жалпы жарақат алудың сегіз жағдайын анықтаған… "Имстальком Теміртау" және "ЭКСПО Мұнайстрой" компанияларында жарақат алу жағдайлары анықталды. Оларға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілді. Екі іс сотқа жіберілді. Қазір соттың шешімін күтіп отырмыз. Ол екі іс адам өлімі бойынша қозғалған", — деді Әлібаев.