Экономика

ЭКСПО территориясында сәндік конструкцияның құлау себептері анықталды

© Photo : АО "НК "Астана ЭКСПО-2017"ЭКСПО-2017
ЭКСПО-2017 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жобалау барысында жіберілген қателіктердің салдарынан ЭКСПО құрылыс алаңында конструкция қираған.

АСТАНА, 7 жел – Sputnik. ЭКСПО территориясындағы сәндік конструкцияның құлауына жобалау кезінде жіберілген қателіктер себеп болған деп хабарлайды "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

ЭКСПО-дағы ТЖ - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ЭКСПО-2017-дегі ТЖ: конструкция қытай металлынан жасалған

"Бүгін сарапшылар зерттеулерінің нәтижесі алынды. Құрылысқа пайдаланылған материалдарды мұқият сараптамадан өткізіп, конструкция құрылысы мен жобалық жұмыстарды тексеріп шыққаннан кейін, комиссия жобада жіберілген қателіктер салдарынан конструкция құлаған деген шешімге келді. Бұл жерде дәл осы сәндік конструкцияның жобасында жіберілген қателік туралы сөз болып отыр", — деп хабарлады баспасөз қызметінде.

"Астана ЭКСПО-2017" мәліметінше, оны жобалауға қатысқан қосалқы мердігер — "ЭМК" ЖШС (директоры Вайнштейн М. М.).

ЭКСПО-2017 нысаны - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ЭКСПО-2017-дегі конструкция құлағаннан кейін ІІМ тексеру бастады

Көрме кешені пайдалануға берілмегендіктен, сәндік конструкцияны қалпына келтіруге кететін бүкіл шығынды мердігер компания BI GROUP пен жобалаушы өтейтін болады.

Көрме кешенінде дәл осындай сегіз сәндік конструкция бар екен. 16 қарашада болған оқиғадан кейін барлығы мұқият тексеруден өтті, алайда құрылыстық немесе жобалық кемшіліктер табылмады. Соған қарамастан, олардың беріктігін арттыру үшін қосымша шаралар қолдануға шешім шығарылды.

Жаңалықтар
0