Оқиға

ЭКСПО-2017-дегі конструкция құлағаннан кейін ІІМ тексеру бастады

© Sputnik / Болат Шайхинов"ЭКСПО-2017" нысаны
ЭКСПО-2017 нысаны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құрылыс компаниясы өкілдерінің айтуынша, конструкцияның құлауы аяздан ығысқан сапасыз металлдан болған.

АСТАНА, 18 қар — Sputnik. Ішкі істер министрлігі EXPO-2017 аумағында көпірлік конструкцияның құлау дерегі бойынша тексеру бастады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға  ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

"ЭКСПО аумағында екі павильон арасында орналасқан декоративтік көпір құрылысының опырылу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 278-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс өндіріске жіберілу үшін ІІМ Тергеу департаментіне тапсырылды. Қазір іс басшылықтың бақылауында", — деді Сәдубаев.

2016 жылғы 16 қарашада ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында екі павильон ортасындағы декоративтік көпірлік конструкция құлады. Ресми мәліметтерге сәйкес, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұрын хабарланғандай конструкция бір ай бұрын аяқталған. Құлаудан кейін оқиғаның себептерін анықтау үшін комиссия құрылған. Оның айтуынша, конструкция ешқандай салмақ түсірілетін құрылымдарды зақымдамаған.


Жаңалықтар
0