АСТАНА, 7 жел – Sputnik. Сәрсенбі күні таңертең он екі жүк вагоны рельстен шығып кетті деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
"7 желтоқсанда 9 сағат 20 минутта Семей жол бөлімшесінің Семей-Шар телімінде № 2305 жүк пойызының жүк тиелген 12 вагоны жолдан шығып кетті. Зардап шеккендер жоқ", — делінген хабарламада.
Хабарламада оқиғаның себебін анықтауға "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ жанынан арнайы комиссия құрылғандығы айтылды.