АСТАНА, 7 жел – Sputnik. Семейдегі билік өкілдері қолайсыз ауа райы салдарынан сегіз ауылдық округте төтенше жағдай туындағанын жариялады деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы ТЖ жөніндегі департаменті.
Биыл өңірде қыс ерте түсті: қарашаның алғашқы күндерінен бастап жауын-шашын мол болды – қар аралас жаңбыр жауып, боран соқты — содан кейін отызградустық аяздар басталды.
"Семей қаласының әкімі Семей қаласының әкімшілік территориясында орналасқан Абыралы, Айнабұлақ, Ақбұлақ, Жазық, Жиенәлі, Знаменка, Қараөлең, Таңат ауылдық округтері территориясында жергілікті масштабта табиғи сипаттағы төтенше жағдай туралы жариялады", — делінген хабарламада.
Семей әкімінің орынбасарына ТЖ салдарын жою жұмыстарына жетекшілік ету тапсырылды.