АСТАНА, 6 жел — Sputnik. Өткен тәуліктерде Шығыс Қазақстанның құтқарушылары бірнеше рейстік автобустың жолаушыларын құтқарды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Қатты жел, көктайғақ пен жолдардың көрінбеуі салдарынан "Өскемен-Семей" тас жолында Жаңажол ауылынан 50 шақырым жерде екі жолаушылар автобусы жыраға түсіп кетті. Оқиға орнында зардап шеккендер болмады. Жолаушылар бағыт алған жерлеріне жол жөнекей көлікпен жөнелтілген.
Осыған ұқсай жағдай Тарбағатай ауданында "Қарағанды-Аягөз-Богас" тас жолында орын алды. 27 жолаушысы бар автобус жыраға түсіп кетті. Жергілікті атқару органдары мен АІІБ, құтқарушылардың бірлескен күш салуларымен адамдар, бағыттары бойынша жолдарын жалғастырды.
Бұл ретте Ұлан ауданының құтқарушылары "Өскемен-Алматы" тас жолының 958 шақырымында автокөлікпен жыраға түсіп кетіп, өз бетімен шығара алмаған екі жолаушыны құтқарды.
Тағы бір құтқарушылар тобы, Ұлан ауданының Герасимовка ауылында ауа-райына байланысты адасып кетіп, жол таппай жүрген 67 жасар балықшыға көмек көрсетті. Ер адамды туыстарына жеткізген, оның жағдайы қалыпты.