Оқиға

ШҚО-да екі автобус жолдан шығып кетті

© Photo : Пресс-служба ДЧС ВКОШҚО-да эвакуацияланған автобус жолаушылары
ШҚО-да эвакуацияланған автобус жолаушылары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шығыс Қазақстанда жолда тоқтап қалған рейстік автобустардың жолаушылары эвакацияланды.

АСТАНА, 5 жел – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы құтқарушылары көктайғақ салдарынан жолдан шығып кеткен рейстік автобус жолаушыларын эвакуациялады деп хабарлады ШҚО ТЖ жөніндегі Департамент баспасөз қызметі. 

боран - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Дүйсенбіде синоптиктер қар жауып, боран соғады деп болжайды

Таңертең сағат 9:26-да "Өскмен-Алматы" автожолының 75-шақырымында жолаушылар автобусының жолдан шығып кеткендігі туралы қоңырау түсті. 45 жолаушының 17-сі жас балалар, ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Бүкіл жолаушыларды Қалбатау ауылына эвакуациялады.

"Омск-Майқапшағай" автожолының 920-шақырымында "Зайсан-Семей" жолаушылар автобусы жолдан шығып кеткен. Автобустағы 20 жолаушының екеуі жас бала. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, Қалбатау ауылына эвакуацияланды. 

© Photo : ШҚО ТЖД баспасөз қызметіШҚО-да автобус жолаушылары эвакуацияланды
ШҚО-да автобус жолаушылары эвакуацияланды - Sputnik Қазақстан
1/3
ШҚО-да автобус жолаушылары эвакуацияланды
© Photo : ШҚО ТЖД баспасөз қызметіШҚО-да екі автобус жолдан шығып кетті
ШҚО-да екі автобус жолдан шығып кетті - Sputnik Қазақстан
2/3
ШҚО-да екі автобус жолдан шығып кетті
© Photo : ШҚО ТЖД баспасқз қызметіШҚО-да эвакуацияланған автобус жолаушылары
ШҚО-да эвакуацияланған автобус жолаушылары - Sputnik Қазақстан
3/3
ШҚО-да эвакуацияланған автобус жолаушылары
1/3
ШҚО-да автобус жолаушылары эвакуацияланды
2/3
ШҚО-да екі автобус жолдан шығып кетті
3/3
ШҚО-да эвакуацияланған автобус жолаушылары
Жаңалықтар
0