Өңірлер

Дүйсенбіде синоптиктер қар жауып, боран соғады деп болжайды

© Sputnik / Ю.Ищенко / Медиабанкке өтуборан
боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

АСТАНА, 5 жел – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, айтарлықтай қар жауып, тек еліміздің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі. Қарағанды облысының кей жерлерінде  бұрқасын, көктайғақ болып,  тұман түседі,  жел  15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Павлодар облысының басым бөлігінде желдің екпіні 17-22 м/с, кей жерлерде 27 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Ақмола облысында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді.  

Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.  Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып,  жел 15-20, екпіні  23 м/с күшейеді.  

Солтүстік Қазақстан  облысының  кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20, екпіні түнде 23 м/с күшейеді.

Ақтөбе, Қостанай  облыстарының  кей жерлерінде  тұман, бұрқасын болып жел 15-20 м/с күшейеді, Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.  

Батыс Қазақстан,  Оңтүстік Қазақстан,  Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Оңтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ  болады.


Жаңалықтар
0