Қоғам

Алматыда жолаушыны зорлаған такси шопыры шартты мерзімге кесілді

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуСот үкімі
Сот үкімі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жәбірленуші соттан шопырды бас бостандығынан айырмауды сұрады.

АСТАНА, 7 жел – Sputnik. Алматыда ел назарына іліккен оқиға – жолаушысын зорлаған шопырдың ісі бойынша үкім шығарылды деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Түзету колониясы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Есіктегі топтық зорлау ісі бойынша үкім шығарылды

БАҚ мәліметінше, 33 жастағы әйел адам биыл маусым айында таксиге отырады, алайда жаны күйзеліп отырып, есінен танып қалады. Бұл сәтті такси шопыры пайдаланып кеткен. Зорлау нәтижесінде әйел адам түрлі жарақаттар мен психологиялық зардап шегеді. Шопыр онымен қоймай әйелдің қомақты ақшалай қаражатын ұрлап кеткен. Жәбірленушінің адвокаты Айман Умарова, сонымен қатар, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен Жібек Мусинованың мүддесін қорғаған. Әйел адамды ұлттық қозғалыс #НеМолчиKZ те қолдады.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны үш жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. 

А. Айдарұлы ҚР ҚК 120-бабы (Зорлау) бойынша айыпты деп танылып, сот оны үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, алайда екі жақ бітімге келіп, жәбірленушіге материалдық шығын өтелгендіктен, сот ҚР ҚК 63-бабын қолданып, айыпталушыны шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Жаңалықтар
0