Өңірлер

Есіктегі топтық зорлау ісі бойынша үкім шығарылды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуТүзету колониясы
Түзету колониясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жібек Мусинованы зорлаған адамдар сегіз жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өткізуге үкім шығарылды.

АСТАНА, 28 қар — Sputnik.  Сот Есік қаласында болған топтық зорлау ісі бойынша төрт айыптыға қатысты үкім шығарды деп хабарлайды Алматы сот баспасөз қызметі.

Зорлау туралы ақпарат Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны жолдаған бейнеүндеу арқылы белгілі болды, ол бейнежазбада әйел төрт ер-азаматқа қызымды зорлады деп айып таққан. Ана бұл қылмысты әшкерелеу үшін көмек сұрады. Әйелдің қызы Жібек Мусинованы тамыз айының 13-інен 14-іне қараған түні зорлап кеткен. Төрт жігіт қыздың туысын ұрып соғып, қызды күштеп жеңіл автокөлікке отырғызып, алып қашқан, содан соң жабылып зорлаған. Бүкіл халықтың назарына ілінген бұл істі облыстық полиция қызметі өз қарауына алған болатын.

Сотталған Ермеков Е. Н., Ермеков А. А., Елтай Н. Т. Және Бектұрсын А. Ж.  жастары – 22 және 29 жас аралығында. 

Сот Ермеков Е. Н. Сегіз жылға бас бостандығынан айырды. 

Ермеков А. А. тоғыз жыл он айға жалпы режимді түзету колониясына қамалады. Заттық дәлел – алтын түстес Infinity FX37 маркілі автокөлік  Ермеков А. А. тиесілі, бұл көлікті жәбірленушіні ұрлауға пайдаланылған құрал ретінде мемлекет тәркілейді.

Елтай Н. Т. тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ. 

Жаңалықтар
0