Қоғам

Мәжіліс депутаттары Қазақстанда рақымшылық жүргізуді құптады

© Sputnik / Болат ШайхиновПарламент үйі
Парламент үйі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Рақымшылық әлеуметтік жағынан аз қорғалған жандарға беріледі, сондай-ақ сотталғандардың жеке санатына өтелмеген жаза мерзімін айыппұлмен өтеу, бостандығын шектеумен алмастыру немесе мерзімді қысқарту қарастырылады.

АСТАНА, 7 жел – Sputnik. Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары сәрсенбі күні пленарлық отырыста рақымшылық жүргізу заң жобасын мақұлдады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тұтқын - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстан президенті рақымшылық жүргізуді ұсынды

Мәжілістің заң шығару және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің қорытындысы бойынша, әлеуметтік жағынан аз қорғалған азаматтар тобына, жасөспірімдерге, аяғы ауыр әйелдерге, жасөспірім немесе мүгедек балалары бар әйелдерге, жасөспірім балалардың жалғыз басты әкелеріне, І, ІІ және ІІІ топтық мүгедектерге, 50 жастағы және одан асқан әйел адамдарға, 60 жастағы және одан асқан ер адамдарға, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне немесе соларға теңестірілген тұлғаларға, әскери немесе халықаралық борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметкердердің жұбайларына, соғыс мүгедегі немесе соған теңестірілген тұлғалардың жұбайларына рақымшылық беру қарастырылады.

Барлық қылмыстық істер мен сотта қаралмаған істер бойынша, қылмыстық теріс қылық және ауыр емес қылмыс бойынша өндірістерді тоқтату қарастырылады. Сотталғандардың жекелеген санаты үшін өтелмеген жаза мерзімін айыппұлмен өтеу, бостандығын шектеумен алмастыру немесе мерзімді қысқарту қарастырылады.

Сонымен қатар, заң жобасы рақымшылық берілмейтін тұлғалар тобын айқындайды. Оларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасағандар, террорлық және экстремисттік қылмыс жасағандар, адамды азаптап қорлаған тұлғалар, рецидивисттер, өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар, өлім жазасы бас бостандығынан айырумен алмастырылғандар, қайтадан қасақана қылмыс жасағандар, қылмыстық топ құрамында қылмыс жасағандар, сондай-ақ қылмыстық заңнамада көрсетілген басқа да бірқатар қылмыс жасаған тұлғалар жатады. 

Жаңалықтар
0