АСТАНА, 6 жел — Sputnik. Балқаш қаласында терактілер ұйымдастыру туралы іс бойынша жарыс сөзі барысында мемлекеттік айыптау соттан сегіз сотталушыға 10 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрайды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Қарағанды облыстық соттың баспасөз хатшысы Гүлбаршын Жітікова.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Балқашта теракт ұйымдастыру күдігі бойынша ұсталған топтың сегіз қатысушысына қатысты қылмыстық істі талқылау жалғасып жатыр.
Отырыс жабық тәртіпте судья Қайрат Қасымовтың төрағалығымен өтуде. Алтыншы қарашада сот талқылауы тараптар сөз жарысы кезеңіне өтті. "Мемлекеттік айыптау айыпталу үшін 10 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады. Е.Үсеновке, 14 жыл, Үсенов К мен Үсенов Д. – 12 жыл, Ташмұхамбетовке де – 12 жыл, М.Махмұтовақа – 11 жыл, Б.Спанбетов, Н.Қалашбаев пен Б.Абдықошовқа 10 жылға бас бостандықтарынан айыруды сұрады", — деп хабарлады Жітікова.
Үкімді жария ету уақыты әлі белгіленген жоқ.
Қазақстандық арнайы қызмет тобы 26 маусымда Балқаш қаласында және Қарағанды облысындағы Гүлшат елді-мекенінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғылармен теракт ұйымдастырмақшы болған радикалды топты құрықтады. Гүлшат ауылында ұсталған террористтердің бірі өз-өзіне қол жұмсап, оқиға орнында қаза тапты. Сол кездегі ақпарат бойынша, олардың бәрі салафизм радикалды ағымын ұстанушылар. Барлығы 8 адам қамауға алынды.
Бұл іс Қарағанды облысы арнаулы ауданаралық қылмыстық сотында судья Қайрат Қасымовтың төрағалығымен қаралуда. Сот алдына сегіз айыпталушы келіп отыр.
Топ мүшелері Қазақстан территориясында теракт ұйымдастырмақшы болған. Басты нысанға бірнеше жерлер алынған, солардың бірі Балқаш қаласы маңындағы ресейлік әскери бөлімше еді.