АСТАНА, 6 жел — Sputnik. Астанада қоғамдық көлік пен ГАЗель соқтығысқан кезде екі адам зардап шекті деп хабарлады қалалық ІІД Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Полиция мәліметінше, сейсенбі күні сағат 9:30 кезінде ГАЗель жүргіушісі Абай даңғылымен Уәлиханов көшесіне қарай келе жатып, қарсы қимыл жолағына өтіп кеткен, сөйтіп, "МАЗ" маркалы автобуспен соқтығысқан. Автобус арнайы бөлінген жолақ Busline бойымен қарама-қарсы келе жатқан.
"Жол апаты салдарынан 1986 және 1975 жылы туылған ек жолаушы жарақат алды, олар медициналық мекемеге жеткізілді, дәрігерлер қарағаннан кейін үйлеріне қайтты", — деп ақпарат берді полицияда.
Тергеу жүргізілуде. "Газ" автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚК 610-бабы бойынша әкімшілік протокол толтырылды.