АСТАНА, 6 жел — Sputnik. Астанада арнайы бөлінген жолақта газель көлігі автобуспен соқтығысты.
Жол апаты бір жақты қимыл көшесі Абай даңғылында орын алды, бұл көшеде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ бар болатын.
"Автобусқа арналған қарама-қарсы қимыл жолағы бар болатын. Осы жолақ бойымен газель автобусқа қарай зымырап келе жатты. Жүргізуші қалаға жаңа келген қонақ немесе қажет кезде ауыса саламын деп өзіне сенген пысық біреу", — деп жазады оқиға куәгері Ербол Абудллаев Facebook парақшасында.
Куәгердің айтуынша ешкім зардап шеккен жоқ.
Sputnik Қазақстан агенттігі полиция түсініктемесін әлі алған жоқ.