Қоғам

Қарағанды атынан қатысушы "Қазақстан аруы" конкурсынан шығып қалды

© Sputnik / Болат ШайхиновМария Пятина
Мария Пятина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қарағанды аруы-2016" Мария Пятина финалға санаулы күндер қалғанда ауруханаға түсті.

АСТАНА, 6 жел — Sputnik.  Дәрігерлер 17 жасар  "Қарағанды аруы-2016" Мария Пятинаға "Қазақстан аруы-2016" ұлттық конкурсына қатысуға рұқсат бермеді деп хабарлады ұйымдастырушылар конкурс сайтында.

Қазақстан ауры-2016 - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Қазақстан аруы-2016" дауыс беру кезеңі басталды

Олардың мәліметінше, 30 қараша күні Мария Пятина асқынған аппендицитке шалдықты деген күдікпен Астананың №1 қалалық ауруханасына жатқызылды. Ауруханада дәрігерлер диагнозды растап, шұғыл түрде ота жасаған. Ота сәтті түрде жасалды. Қазір қыздың жағдайы жақсы, алайда, дәрігерлердің айтуынша, ағзасына ауыр күш салуға болмайды.

"Қазақстан аруы" конкурсының дирекциясы Пятина 2017 жылғы байқауға тікелей жолдама алады деп сендірді.

Конкурс финалы Астанада 10 желтоқсан күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Жаңалықтар
0