АСТАНА, 1 жел — Sputnik. "Қазақстан аруы" ұлттық конкурсының ресми сайтында халықтық дауыс беру кезеңі басталды деп хабарлайды конкурс ұйымдастырушылары.
Ресми фотосессиядағы суреттерді қарап шығып, финалға шыққан аруға дауыс бере аласыз. Халықтық дауыс беру кезеңі финалға дейін жалғасады – 10 желтоқсан. Онлайн-дауыстар sms-дауыстармен бірге есептеледі.
"Әр адам бір қатысушы үшін екі рет дауыс бере алады: сайтта – тегін және қысқа нөмірге қатысушы нөмірімен sms арқылы жіберу – ақылы. Sms бағасы – 50 теңге", — деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Конкурс финалы 10 желтоқсан күні Бейбітшілік және Келісі сарайында өтеді. Жеңімпаз 5 миллион теңге қаражат пен Қазақстан атынан "Әлем аруы" халықаралық конкурсына қатысуға мүмкіндік алады.