АСТАНА, 6 жел — Sputnik. Алматыда танымал қоғам қайраткері, Ресейдегі Ислам комитетінің төрағасы Гейдар Джемалді жерлеу рәсімі өтті.
РФ Ислам комитетінің төрағасы, қоғам қайраткері Гейдар Джемаль Алматыда дүйсенбі күні таңертең ұзаққа созылған ауыр сырқаттан кейін қайтыс болды.
Жерлеу рәсімі мұсылман әдет-ғұрпы бойынша Бағанашіл ауылындағы зират басында сейсенбі күні өтті. Бұдан бұрын қаланың Орталық мешітінде марқұмның жаназасы шығарылған болатын. Джемалді соңғы сапарға шығарып салу үшін Алматыға туған-туыстары, достары мен шәкірттері келді.
Гейдар Джемаль 1947 жылғы 6 қарашада Мәскеу қаласында дүниеге келген. 1995 жылы ол "Ислам комитеті" өңіраралық қоғамдық қозғалысын құрып, оған жетекшілік етті. Джемаль сондай-ақ, исламшылдық бойынша кітаптардың авторы болып табылады, оның ішінде "Освобождение ислама" және "Революция пророков".