АСТАНА, 5 жел — Sputnik. Дүйсенбі күні таңертең көз жұмған РФ Ислам комитетінің төрағасы, қоғам қайраткері Гейдар Джемаль Алматыда жерленеді, деп хабарлады журналист, Джемалдің досы Маким Шевченко.
"Гейдар Джемаль Алматыда ұзаққа созылған ауыр сырқаттан кейін қайтыс болды. Жерлеу рәсімі ертең сағат 11:00-де Алматыдағы Қеңсай-2 зиратында өтеді", — деп жазды ол Facebook парақшасында.
БАҚ-тың хабарлауынша, Джемаль Алматыда ауыр сырқаттан емделіп жатқан. Гейдар Джемаль 1947 жылғы 6 қарашада Мәскеу қаласында дүниеге келген. 1995 жылы ол "Ислам комитеті" өңіраралық қоғамдық қозғалысын құрып, оған жетекшілік етті. Джемаль сондай-ақ, исламшылдық бойынша кітаптардың авторы болып табылады, оның ішінде
"Освобождение ислама" және "Революция пророков".