Саясат

Тоқаев: Ресей Таяу Шығыста бастаманы қолға алды

© Photo : Сенат Парламента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Ресей соңғы кездері Таяу Шығыстағы ұстанымын айқындады. Оның ойынша, бұған Ресей әскерінің Сирияға енуі елеулі әсер етті.

АСТАНА, 6 жел — Sputnik.  Соңғы кездері Ресейдің геосаяси рөлі біршама күшейді, Мәскеу әскерлерін Сирияға енгізіп, Таяу Шығыстағы стратегиялық бастаманы қолға алды деп санайды Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.

Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Кремль: Назарбаев пен Путин телефон арқылы Сириядағы ахуалды талқылады

Қытай халықаралық мәселелер институтында сөйлеген сөзінде ол Таяу Шығыстағы ахуал туралы сөз қозғады. Тоқаевтың сөзіне жүгінсек, 25 жыл бұрын Сирия, Ливия, Йемен, "тіпті Ирак салыстырмалы түрде ауқатты мемлекеттер еді".

"Қазіргі уақытта олар халықаралық шиеленістердің ошағына айналып, әлемдік күн тәртібінде алғашқы орынға шықты. Бұл ретте Ресейдің геосаяси рөлі айтарлықтай күшейді, өйткені олар Сирияға әскерін енгізу арқылы Таяу Шығыстағы стратегиялық бастаманы қолға алды", — деп атап өтті Тоқаев, спикердің сөйлеген сөзінің мәтінін сенат баспасөз қызметті жариялады.

Жаңалықтар
0