АСТАНА, 16 қар — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин телефон арқылы күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерді талқылады, деп хабарлады сейсенбіде Кремльдің баспасөз қызметі.
Ресей президенті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, әңгімелесу қазақстандық тараптың бастамасымен өткен.
"Күн тəртібіндегі өзекті халықаралық мəселелер, соның ішінде Сириядағы ахуал талқыланды. Қазақстан президенті сондай-ақ өзінің жақында Жапонияға жасаған сапары туралы айтып берді", — делінген Ресей президентінің ресми сайтында жарияланған хабарламада.
Телефонмен әңгімелесу барысында алдағы екі жақты кездесулердің кестесі келісілді.