Өңірлер

Қостанай облысы тұрғыны зейнетке шыққанға дейін құжатсыз өмір сүрген

© Sputnik / В. Леонов / Медиабанкке өтуЗейнеткер
Зейнеткер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қостанай облысында тұратын әйел 64 жасқа келгенде алғаш рет жеке куәлік алу үшін сотқа арыз берді.

АСТАНА, 6 жел — Sputnik.  Қостанай облысында сот зейнетке шыққанға дейін құжатсыз өмір сүрген азаматшаның туылғандығы туралы заңды фактінің белгіледі деп хабарлайды өңірдегі сот баспасөз қызметі.

Саусақ іздерін электронды сканерлеу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дактилоскопиядан бас тартқаны үшін қазақстандықтарға жеке куәлік берілмейді

Мекеме мәліметінше, Алтынсарин ауданының тұрғыны Әмина Кәукенова жеке куәлік алу мақсатында туылғандығын тіркету үшін сотқа арыз берген. Әйел адамға зейнетақы және көп балалы ана ретінде жәрдемақы алу үшін, сондай-ақ бүкіл азаматтық құқықтарын қалпына келтіру үшін құжаттар қажет болған. 

Кәукенова 1952 жылы 22 мамырда дүниеге келген, Қостанай облысы Жангелді ауданының тумасы. 1970 жылы Алтынсарин ауданына келеді, сол жерде оған құда түсіп, ұлттық салт-дәстүр бойынша Алтынсарин ауданы Свердловка аулында тұратын У. есімді азаматқа тұрмысқа береді. Қазіргі уақытта қария осы ауылда тұрып жатыр.  Жанұясында алты бала өмірге келген, олардың екеуі туа бітті мүгедек. Азаматшаның өзі оқымаған, білімі жоқ, еш жерде жұмыс істемеген.  

Көршілері, туған-туыстары мен таныстары сотта оның жасын растады. Оған қоса, әйел адамның фамилиясы мен туған күні Свердловка ауылдық кеңесінің мұрағаттық қорында мұрағаттық анықтамада сақталған. 

Осылайша қарт ана сотта дәйектерін айғақтап, құжаттарын ресімдеуге қол жеткізді.

Жаңалықтар
0