АСТАНА, 5 жел – Sputnik. Астанада көктайғақ салдарынан коммуналдық қызметтер күшейтілген тәртіпте қызмет етуге мәжбүр, Елорда көшелеріне құм-тұз қоспасы төгілуде деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты.
Демалыс күндері қар аралас жаңбыр жауып, ақыры соңы боранға ұласты, соның салдарынан көшелер мен тротуарларды көктайғақ басты.
"Астана Тазалық" ЖШС-інің мәліметінше, бір тәулік ішінде қар жинауға 2525 жұмыскер шығып, 1572 техника тартылған. Көктайғаққа қарсы 55 тонн реагент себіліп, 485 текше метр құм-тұз қоспасы пайдаланылды.
Алдағы екі күнде ауа райы өзгермейді. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы күндіз 7-9 градус суық болады.
Сейсенбі, 6 желтоқсан күні Астанада көшпелі бұлт шығады, оқтын-оқтын қар жауады, сырғыма боран соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнді 7-9 градус аяз, күндіз 5-7 градус нөлден төмен.