Экономика

Астаналықтарға коммуналдық төлемдер үшін өсім ақы кешіріледі

© Photoесептеуіш құралы
есептеуіш құралы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана тұрғындарына сумен жабдықтау және су тарту қызметтері бойынша қарыздарын төлегені үшін өсім ақы кешіріледі

АСТАНА, 5 жел – Sputnik. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге орай, "Астана су арнасы" МКК жеке тұлғалар үшін "Қарызыңды өсімақысыз төле" шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлайды кәсіпорынның баспасөз қызметі. 

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ақорда, Министрліктер үйі және парламентте су болмайды

Іс-шара 2016 жылғы 5 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін өтеді. 2016 жылғы желтоқсанға есептегенді қосқанда суық сумен жабдықтау және су тарту үшін 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін қарыздарын төлеген тұтынушыларға, өсім ақы өшіріледі.  Өсім ақыны өшіру дерегі 2017 жылғы қаңтар айындағы түбіртектерде көрсетіледі. 


Жаңалықтар
0