АСТАНА, 24 қар — Sputnik. Қазақстан президентінің резиденциясы "Ақордада", Министрліктер үйінде және парламент ғимаратында бейсенбіден жұмаға қараған түні су болмайды деп хабарлады "Астана су арнасы".
Бұл жайт Момышұлы даңғылы мен Төлебаев көшесі қиылысындағы су құбыры ойымы жұмыстарымен байланысты.
Сумен жабдықтау 24 қараша сағат 00:00-ден бастап, 25 қараша сағат 9:00-ге дейін тоқтатылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы президентінің іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасында, медициналық кластер емханаларында, №3 перзентханада, ІІМ ауруханасында, балалар жұқпалы аурулар ауруханасында, №1 және 2 қалалық ауруханаларда және қан орталығында су болмайды.
Және де бұл күні әуежай, №16 өрт сөндіру бөлімшесі, ЭКСПО қалашық, Тельман, Зарченый, Железнодорожный, Пригородный ауылдары да сусыз отырады.