АСТАНА, 3 жел — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты, оңтүстік-шығыста және солтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады, "Қазгидромет" РМК.
Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел күндіз 15-20, екпіні 25 м/с, кей уақыттарда 30 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с, екпіні 30 м/с күшейеді.