АСТАНА, 1 жел — Sputnik. ОПЕК нарықтағы бағалардың тұрақтауы үшін мұнай алу көлемін шектеуге келісті.
Келісімнің орындалуын арнайы комиссия қадағалайды, бұл комиссияға үш ОПЕК елі – Кувейт, Венесуэла және Алжир, сонымен қатар келісімге қосылған, бірақ ұйымға кірмейтін екі ел енеді деп хабарлады Венесуэла мұнай министрі Эулохио дель Пино тілшілерге.
Оның сөзіне жүгінсек, ОПЕК-ке кірмейтін елдер де келісімге қосылады деп күтілуде: Қазақстан, Өзбекстан, Оман, Оңтүстік Американың бірнеше елдері – Мексика, Боливия, Тринидад және Тобаго, Колумбия.
ОПЕК-тің сәрсенбі күнгі бекіткен келісім бойынша, 2017 жылы 1 қаңтардан бастап мұнай алу көлемі күніне 1,2 миллион баррелден қысқартылып, 32,5 миллионға дейін жеткізіледі.