Әлем

ОПЕК елдері Алжирде мұнай өндіруді шектеу бойынша келісімге келді

© AP Photo / Hasan JamaliНефтяные вышки в Персидском заливе в Бахрейне
Нефтяные вышки в Персидском заливе в Бахрейне - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ОПЕК қатысушы елдері Алжирде бейресми кездесуде мұнайды тәулігіне 32,5 миллион баррель деңгейінде өндіруді шектеу туралы келісімге келді.

АСТАНА, 29 қыр — Sputnik.  ОПЕК  қатысушы елдері Алжирде бейресми кездесуде мұнайды тәулігіне 32,5 миллион баррель деңгейінде өндіруді шектеу туралы келісімге келді деп хабарлайды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.

Келісімді орындау қарашада күтілуде. "ОПЕК өндіру бойынша мақсатына жеткен соң келісімге қосылуға өзге елдерге де үндеу жасайды", — деп жеткізеді  Рейтер.

Агенттіктің дереккөздеріне сәйкес, ОПЕК елдері қарашаға жоспарланған жақындағы ресми кездесуде әр ел бойынша мұнай өндірудің нақты деңгейі туралы келісуге ниетті.

Бұдан бұрын Блумберг агенттігі хабарлағандай, Алжир ОПЕК елдеріне мұнай өндірудің жалпы көлемін тәулігіне 796 мың баррелге қысқартуды  ұсынды. Сауд Аравиясына бұл ретте тамызға қатысты мұнай өндіруді тәулігіне 442 мың баррелге төмендету, тәулігіне 10,1 миллион баррелге төмендету ұсынылды. Иран үшін тәулігіне 3,7 миллион баррель жеңілдігіне кеңес берілді, бұл  тамызбен салыстырғанда мұнай өндіру өсімі 52 мың баррелге тең екенін білдіреді. Нигерияны және Ливияны тіптен  өндіруді қысқартудан босату ұсынылды.

Жаңалықтар
0