АСТАНА, 30 қар — Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы допинг-сынамаларында тыйым салынған препараттар табылған Илья Ильин мен басқа да спортшылар үшін "қатты алаңдайтындығын" мәлімдеді.
Бұдан бұрын мәдениет және спорт министрлігі допинг қабылдағаны үшін қылмыстық жауапқа тартуды қарастыратын заңнамалық түзетулер енгізуді ұсынатындығын айтқан болатын. Допингке қатысы бар спортшыларға, олардың дәрігерлеріне, бапкерлеріне, сондай-ақ тыйым салынған препараттарды жеткізушілерге жаза қолдануды ұсыну жоспарланған.
"2017 жылы допинг қолдану туралы заң енгізбекшіміз. Не үшін? Қазір бар айып спортшылардың мойнына ілінді. Ал, сол кезде спортты басқарған адамдар қайда қалды? Дәрігер неліктен жауапқа тартылмайды?", — деді Мұхамедиұлы мәжіліс отырысынан кейін тілшілерге.
"Спортшыларымыз үшін қатты алаңдаймын, Илья Ильян және осындай жайтқа тап болған басқа да ауыр атлеттер үшін", — деді министрлік басшысы.
Оның айтуынша, қазақстандық спортшылар бұл мәселемен жападан-жалғыз күресуге мәжбүр.