АСТАНА, 30 қар — Sputnik. Азамат Айтхожин сәрсенбі күні Қазақстан кәсіби футбол лигасы басшылығына келді.
Бұл шешім Қазақстан кәсіби футбол лигасы мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданды. Айтхожин Лига президенті қызметіне ұсынылған жалғыз үміткер болды. Оның кандидатурасын Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов ұсынды.
"ҚКФЛ мүшелері бұл кандидатураны бір ауыздан қолдап, Азамат Серікұлына Қазақстан кәсіби футболын дамытуда сәттілік тіледі", — делінген ҚКФЛ сайтындағы хабарламада.
Айтхожин 2012-2013 жылдары "Астана" футбол клубының президенті болған, 2015 жылы Қазақстан футбол федерациясының атқарушы директоры болып тағайындалды. 2015-2016 жылдары ҚФФ бас хатшысы қызметін атқарды, 2016 жылы 28 қарашадан бері ҚФФ вице-президенті қызметіне келді.