Қоғам

Адвокат: Сыдықованың шындықты айтқанын полиграф сынағы дәлелдеді

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуПолиграф
Полиграф - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәдениет және спорт министріне алымсақтық жасады деп айып таққан Еңлік Сыдықованың мүддесін қорғаушы Арыстанбек Мұхамедиұлынан өтірік детекторы сынағын тапсыруды талап ететінін мәлімдеді.

АСТАНА, 30 қар — Sputnik. Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын пара сұрап, алымсақтық жасағаны үшін көпшілік алдында айыптаған Еңлік Сыдықованың мүддесін қорғаушы адвокат Гүлнара Жуаспаева арнайы психофизиологиялық зерттеу (АПФЗ) барысында қорғалушысының сөздері расталғандығын мәлімдеді.

"Полиграфтың қорытындысы бойынша,  АПФЗ барысында алынған деректер сараптамасы азаматша Сыдықова Еңлік Ақылбайқызының барлық тексеру сұрақтарына шын жауап бергенін дәлелдеді, АПФЗ жүргізуге қарсы іс-әрекет анықталған жоқ", — деді адвокат сәрсенбі күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында. 

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі  Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мұхамедиұлы өзіне тағылған айыптаулар жөнінде: соттасқым келмейді, бірақ амал жоқ

Оның айтуынша, зерттеу барысында Сыдықоваға келесі сұрақтар қойылған: Мұахмедиұлы тестілеуден өткізу үшін сізден ақша сұрады ма?; Мұхамедиұлы сізден қонаққа бірге баруды өтінді ме?; Мұхамедиұлының көмекшісі Мұхамедиұлының атынан демеушілік жәрдем ұсынды ма?. Сынақтан өтуші барлық сұрақтарға "иә" деп жауап берді.

Жуаспаева зерттеу нәтижелерін сотта айғақ ретінде қолданатындығын айтты.

Сонымен қатар, ол ашық сот отырысын өткізуді және министрдің де дәл осындай сынақтан өтуін талап ететіндігін мәлімдеді.  

Жаңалықтар
0