Қоғам

Өзбекстанда сәбиін ұрып соққан әйелдің ісі қаралады

© SputnikСәбиін ұрып соққан әйел
Сәбиін ұрып соққан әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сәбиін ұрып соққан әйел Өзбекстан азаматшасы болғандықтан, оның ісі сол елде қаралатын болады.

АСТАНА, 30 қар — Sputnik. Бейнежазбада сәбиін ұрып соққан әйелге қатысты қылмыстық іс оның туған елі Өзбекстанда қаралатын болады деп хабарлады ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов. 

Сәбиімен әйел - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Сәбиін ұрған әйел Қазақстанға ақша табуға келген

"Ол Өзбекстан азаматы, біздің елімізде қылмыс жасаған. Қазір өз елінде. Сол себепті біздің жедел тергеу қызметкерлері Өзбекстанға барып, келісімге сәйкес тергеу жүргізді", — деді Қасымов тілшілерге.

Министрдің мәліметінше, қазіргі уақытта ІІМ бас прокуратура арқылы қылмыстық іс деректерін Өзбекстанға өткізу мәселесін қарастырып жатыр. 

"Ол Өзбекстан азаматы, сол себепті қылмыстық іс сол елде қаралады", — деп қорытты Қасымов. 

Жаңалықтар
0