АСТАНА, 18 қар — Sputnik. Әлеуметтік желілердегі бейнеде сәбиді ұрған Өзбекстан азаматшасы Қазақстандағы базарлардың бірінде жұмыс істеген, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ҚР ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымов.
Бір апта бұрын әлеуметтік желілерде емізулі сәбиін соққыға жығып жатқан әйел түсірілген бейне пайда болды. Бейне материал Қазақстанды үлкен қоғамдық шу туғызды.
"Ол Өзбекстан азаматшасы, осында келіп, базарда жұмыс істеген, туып соны жасап кетіп қалған. Ол сол жақта (Өзбекстанда) тұрады", — деді Қасымов Sputnik Қазақстанға парламенттік тыңдаулардың сыртында.
Оның айтуынша, баланы ұрып-соғу осы жылдың жазында болған.
Бұрын ҚР ІІМ хабарлағандай, әйел көрші ел аумағында анықталып, одан жауап алынды. Оған емізулі балаға қатыгездік танытты деген күдік келтірілді. Ол жасаған әрекетерін толық мойындады.
Сондай-ақ, әйелге қатысты мемлекеттік шекарадан заңсыз өтіп, Қазақстан Республикасының көші қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту мәселесі шешіліп жатыр.