АСТАНА, 17 қар — Sputnik. Әлеуметтік желіде таратылған бейнеде сәбиін соққыға жыққан әйел табылды, ол Өзбекстан азаматшасы болып шықты, деп хабарлады ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.
Бір апта бұрын әлеуметтік желілерде емізулі сәбиін соққыға жығып жатқан әйел түсірілген бейне пайда болды. "Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп өткізілген оперативті іздеу шаралары барысында көрші ел аумағында емізулі балаға қатыгездік танытты деген күдікпен Өзбекстан азаматшасы анықталып, одан жауап алынды. Ол жасаған әрекетерін толық мойындады", — деді Сәдубаев телефон арқылы.
Оның айтуынша, сондай-ақ, әйелге қатысты мемлекеттік шекарадан заңсыз өтіп, Қазақстан Республикасының көші қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту мәселесі шешіліп жатыр.