Қоғам

ІІМ басшысы: полицей мас азаматты қайда жіберуі тиіс?

© Sputnik / Болат ШайхиновҚалмұханбет Қасымов
Қалмұханбет Қасымов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан бұрын полицияда түсіндіргендей, айықтыру пунктерінің санын көбейту тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу үшін керек.

АСТАНА, 30 қар — Sputnik. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов елдегі айықтырғыштар санын көбейту керектігін айтты.

Медициналық айықтырғыш - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ІІМ: Қазақстанда айықтырғыштардың санын көбейту керек

"Олардың (айықтырғыштар  - ред.) санын көбейткіміз келеді", — деді Қасымов мәжілістің пленарлық отырысынан кейін тілшілерге.

Бірақ ол қазақстандықтар ішімдікті көбірек іше бастады деген пікірмен келіспейді.

"Былай деп айтайын: мас адамды заң жүзінде уақытша ұстау изоляторына қамай алмаймыз. Дәрігерлер оларды ауру деп санамайды. Ал, полицей не істеу керек сонда? Келсе, мас адам әйелін сабап жатыр немесе көшеде мас күйінде жатыр. Сонда оны қайда жіберуіміз керек?", — деген сұрақ қояды министр.

Қасымовтың мәліметінше, бұл әлемдік тәжірибеде қалыпты жағдай болып саналады. Полицейдің мас адамның қасында ұзақ болуы тәртіп сақшысына қарсы қол көтеру немесе қарсылық көрсетуге әкеп соқтыруы мүмкін дейді министр.

Қасымовтың айтуынша, қазіргі уақытта ішкі істер министрлігі денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп осы мәселені қарастыруда.

Жаңалықтар
0