Қоғам

ІІМ: Қазақстанда айықтырғыштардың санын көбейту керек

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуМедициналық айықтырғыш
Медициналық айықтырғыш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның ішкі істер министрлігі мас күйінде жасалған қылмыстардың саны артқандығын айтып, республикадағы медициналық айықтырғыштардың санын көбейтуді ұсынды.

АСТАНА, 5 қаз – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі мас күйінде жасалған қылмыстардың саны артқандығын айтып, республикадағы медициналық айықтырғыштардың санын көбейтуді ұсынды. 

"Ауыр қылмыстардың 10% тұрмыстық жағдайда туындап, ішімдікті көп ішу салдарынан болады.  Биыл мас күйінде жасалған қылмыс саны 13%-ға артты", — деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов үкімет отырысында. 

Оның айтуынша, Қазақстанда бар болғаны 31 уақытша адаптация және детоксикация орталығы бар (бұрынғы айықтырғыштар). 

"Олардың керегі жоқ деген пікір де бар. Бірақ медициналық айықтырғыштар мүлдем жоқ шет елдер тәжірибесі көрсеткендей, олар қалай болғанда да мұндай орындарды құруға немесе медициналық мекемелерге жүгінуге мәжбүр. Сол себепті бәріміздің пікіріміз бір жерден шығып отыр, елімізде мұндай орындардың санын арттыру керек және оларды әлеуметтік медициналық мекемелер ретінде қарастыру қажет", — дейді Қасымов.

Оның мәліметінше, 2016 жылы 2,8 мың адамға мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емделуге сот үкімі шығарылған. 


Жаңалықтар
0