Қоғам

ІІМ: саусақ іздері туралы деректер қорғалған базада сақталады

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуСаусақ іздерін алу
Саусақ іздерін алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан ІІМ басшысының мәліметінше, қазақстандықтардың саусақ іздерін ешкім де заңсыз мақсатта пайдалана алмайды.

АСТАНА, 30 қар — Sputnik. ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу" туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, бұл заң жобасы бойынша қазақстандықтар жеке куәліктерін ресімдеу кезінде саусақ іздерін тапсыратын болады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Саусақ іздерін электронды сканерлеу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дактилоскопиядан бас тартқаны үшін қазақстандықтарға жеке куәлік берілмейді

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың мәліметінше, төлқұжат, жеке куәлік немесе теңізшінің жеке куәлігін ресімдеу кезінде дактилоскопиялық тіркеу жүргізіледі. Төлқұжат алу кезінде 12 және 16 жас аралығындағы балалар өздерінің келісімімен ғана дактилоскопиялық тіркеуден өтеді, ал 12 жасқа толмаған балалар тіркеуден өтпейді. Шетелдік азаматтар үшін дактилоскопиялық тіркеу міндетті болып табылады.

"Барлық ақпарат ІІМ-нің қорғалған деректер базасында электронды түрде шифрленіп сақталады, сол себепті заңсыз жолмен ол базаға еніп, мәліметтерді заңсыз пайдалану мүмкін емес", — деп сендірді министр.

Заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі мәжіліс комитетінің қорытындысы бойынша, белгілі бір қылмыс түрі үшін сотталғандар, кім екені белгісіз тұлғалар, тергеу жұмыстары кезінде табылған биологиялық материал, кім екені анықталмаған мәйіттер міндетті түрде геномдық тіркеуден өтуі тиіс. 

Жаңалықтар
0