АСТАНА, 29 қар — Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook әлеуметтік желісінде парақшасының ашылуы мен оның кенеттен жабылуына қатысты ойын білдірді.
Бірнеше күн бұрын министр Facebook желісінде парақша ашқан болатын, алайда сәлден соң парақша кенеттен жабылып қалды.
"Бәлкім, талай шындықты айтып қояр ма екен деп жауып тастаған болар", — деді ол парақшасының жабылуы туралы.
Мұхамедиұлы бұдан бұрын Facebook-те парақшаны "ақпарат бөлісу" және "мәдениет пен спорт саласындағы өзекті мәселелерді талқылау" үшін ашқандырығы туралы жазған болатын. Министр бүкіл комментарийлерді оқып, мүмкіндігінше жауап беруге тырысатындығын айтқан еді.