Өңірлер

Көкшетауда құрылысшы бесінші қабаттан құлап қаза тапты

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуТұрғын үй құрылысы
Тұрғын үй құрылысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам құрылыс краны жебесінің арқанына ілініп қалып, төменге құлап кетті.
АСТАНА, 29 қар — Sputnik. Көкшетауда құрылысшы бесінші қабаттан құлап қаза тапты деп хабарлады Ақмола облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
ArcelorMittal - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"АрселорМиттал Теміртауда" "Саранская" шахтасында болған оқиғаның себептерін атады

Көкшетау ІІБ-на 28 қараша күні "жедел жәрдем" станциясының фельдшері хабарласып, салынып жатқан нысанда құрылысшы құлап кетіп, алған жарақатынан көз жұмғанын айтты.

"Ер адамның Батыс Қазақстан тұрғыны екені анықталды, тұрғын үй құрылысында жұмыс істеген. Сол күні бесінші қабатта монолит құйып жатқан. Жанынан құрылыс кранының жебесі өтіп бара жатқанда, жұмысшы арқанға ілініп қалып, төменге құлап кеткен", — деп баяндады полицияда.

Құқық қорғау органдары ер адамның денесін мәйітханаға жөнелтті, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Жаңалықтар
0