АСТАНА, 28 қар — Sputnik. Алдағы үш тәулікте Ресейдің Еуропалық аумағынан жылжып келе жатқан терең циклон шығысқа қарай Орал арқылы Батыс Сібірге ауысатын болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.
Ал осы циклонмен байланысты болатын, белсенді атмосфералық фронттар Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарының ауа-райына ықпал ететін болады.
Республиканың батыс және солтүстігінде қар жауып, боран соғып, күшті батыс желі тұрып — күрделі ауа-райы күтілуде. Желдің екпіні 20…25м/с дейін жетіп, күндізгі температура 0º жақын, көктайғақ болуы ықтимал.
Еліміздің оңтүстігі мен шығысында антициклон ықпалынан жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, түнгі және таңғы сағаттарда тұман басып, температура күндіз оңтүстікте 2-10 жылы, шығыста 0…7º аяз болады.

