Қоғам

Қазақстандық эмоджилерді бүкіл мессенджерлерде пайдалана аласыздар

© Sputnik"Нимоджи Казахстан" қосымшасы
Нимоджи Казахстан қосымшасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
WhatsApp, Facebook, Viber, iMessage, Telegram және тағы басқа қосымшаларда 120-дан астам ұлттық стильдегі стикерлерді пайдалануға болады.

АСТАНА, 28 қар — Sputnik. "Нимоджи Казахстан" қосымшасы iOS және Android платформаларындағы мессенджерлердің бәрінде ұлттық қазақ стилінде эмоджи алмасуға мүмкіндік береді деп хабарлайды компания.

Бэла Темиева - Sputnik Қазақстан
Қазақстандық "Цукерберг": сауатты команда жинау өте қиын

19 қыркүйек күні Айбала есімді бозбала бейнеленген қазақ ұлттық эмоджи стикерлері iPhone пайдаланушылары үшін жаңартылған iMessage iOS қосымшасында ұсынылған болатын. Сол кезде Nimoji Software Limited компаниясы iOS және Android платформаларына арналған тегін қосымша пайда болады деп уәде берген еді, оның көмегімен қолданушылар бүкіл мессенджерлерде қазақстандық эмоджилермен алмаса алады.

Бүгіннен бастап, "Нимоджи Казахстан" қосымшасын App Store немесе Google Play арқылы жүктеп алып, WhatsApp, Facebook Messenger, Viber, iMessage, Telegram және тағы басқаларында бір-бірлеріңізге қазақстандық эмоджилер жолдай аласыздар. 

© Photo : СкриншотНимоджи: Айбала мен Ақсәуле
1/2
Нимоджи: Айбала мен Ақсәуле
© Photo : СкриншотНимоджи: Айбала мен Ақсәуле
2/2
Нимоджи: Айбала мен Ақсәуле
1/2
Нимоджи: Айбала мен Ақсәуле
2/2
Нимоджи: Айбала мен Ақсәуле
Жаңалықтар
0