Қазақстандық "Цукерберг": сауатты команда жинау өте қиын

© Sputnik / Юлия КузнецоваБэла Темиева
Бэла Темиева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас өспірімдерге арналған әлеуметтік желі ойлап тапқан Бэла Темиева Sputnik Қазақстанға, өзінің жобасы туралы және оны қалай дамытуды көздеп отырғандығы жайлы жоспарымен бөлісті.

АСТАНА, 15 қар – Sputnik. Жаңа CoffeeFold әлеуметтік желісі қазақстандық аудитория арасында біртіндеп танымал болуда. Ол әлемдік әлеуметтік желілердің орнын әбден басуы мүмкін. Идея авторы Бэла Темиева Sputnik тілшісіне, алдына қойып отырған жоспарлары туралы айтып берді. 

- Жаңа әлеуметтік желі жасау туралы ой қай кезде пайда болды?

— 7 сыныпта мен ол туралы ойлай бастадым, міне екі жыл болды менің барлық нәрсемен айналысып отырғаныма — жобаны жасаудан, оның жүзеге асыруға дейін. 

Жоба авторы 15 жасар Бэла Темиева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Цукербергке берер жауабымыз: Астаналық оқушы жасөспірімдерге арналған әлеуметтік желі ойлап тапты

- Атауы тинейджерлік сипатқа ие. Неліктен тура осылай атадың?

— Мен кофені өте жақсы көремін. Ол мен үшін үй жағдайымен ассоциацияланады. Ал fold деген folder (папка) сөзінің қысқартылғаны. Мен осы екі атауды ұштастырдым. Мағынасы кофені жұмыс орнында ішуге болады дегенді білдіреді. Сондықтан менің жобам, тек жас өспірімдердің пайдалануына ғана емес, ересек кісілердің де тілдесуі мен жұмысы үшін пайдалана алуына арналған. Бұл іскер адамдарға да арналған желі. Сонымен бірге олар бейне чатта бірнеше адамға конференция орната алады. Стандарттық чаттарда секілді бір адамға ғана бейне байланыс қарастырылғандай емес. "Coffee fold" желісінде топ адамдармен тілдесуге болады. 

- Сенің жобаң қазіргі барлардан тағы немен ерекшеленеді?

— Біріншіден бірегей дизайнымен ерекшеленеді. Басты бірегейлік – бұл бейне чат пен жазбалар қол жетімділігі. Яғни кез келген адам кез келген жазбаға пікір білдіре алады. Бірақ бұл жерде көрсетпеу баптауларын пайдалануға болады.

Сайтты кез келген браузерден көруге болады. Мәселен, бүгін қосымша IOS-та шығуға тиіс, бірнеше күн бұрын Android –та шыққан болатын. Барлығы жүктеп алып пайдалана алады. Әзірге өзімнің шағын командам бар. Олар маған көмектеседі, біз барлық мәселелермен бірге айналысамыз. Дұрыс команда жалдау өте қиын. Бір жарым жыл бойы мені алдап кетпейтін немесе менің идеямды ұрлап алмайтын жақсы адамдар іздедім. Жалпы әзірлеуден  алғашқы таныстырылымға дейін 20 адам жұмыс істеді. 

- Сенің мүддеңді кім ұсынады?

— Анам. Ол маған бәрінен де көп көмектеседі. Әрине әкем де. Ата-анам маған қатты қолдау білдіреді.  

- Сен өте танымал болып, саған тек мақтау ғана емес, сонымен қатар сындардың да айтылуына  дайынсың ба?

— Шын мәнінде осы күннің өзінде-ақ көптеген сыни пікірлер айтылып жүр. Өйткені бұл жаңа дүние, адамдар тексеріп жатыр, бәріне үйрене қойған жоқ, тіпті дизайнына да. Бірақ жақын арада өзге әлеуметтік желілерге секілді үйретіп кетеді деп ойлаймын.

Ал былайша, әрине дайынмын. Әйтпесе жұмысымды бастамаған болар едім. Қазір менің тарабыма, мені қаршадай бала, мұны ойлап тапқан мен емес деген сияқты жағымсыз әңгімелер айтылып жүр. Бұл ұсақ-түйек қана, мен бұған дайынмын.

Ең бастысы менің командам мен менің жұмысымның қолдау табуы. Бірақ жоба бойынша сынды қабылдаймыз, әзірдің өзінде пайдаланушылар үшін қолайсыз кейбір функцияларды жөндеуге әзірміз. 


Жаңалықтар
0