АСТАНА, 28 қар — Sputnik. Көліктік полицейлер жүк пойызы контейнерінен ноутбуктер ұрлаған топты ұстады, пойыз Қарағанды облысында тоқтап тұрған, компьютерлердің жалпы сомасы 25 миллион теңге деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция мәліметінше, биылғы жылы 13 сәуірден 14 сәуірге қараған түні Қарағанды облысы "Донғал-Ағадыр" станциясында белгісіз біреулер ҚХР-Германия бағытымен жөнелтілген контейнерден 342 ASUS ноутбугін ұрлап кеткен, материалдық шығынның жалпы сомасы – 25102757 теңге.
"Жедел іздеу шаралары нәтижесінде жеті адам ұсталып, олар соңыра бұл қылмысқа қатысы барын мойындады. Олардан заттай дәлелдер алынды", — деп хабарлады полиция.
Шет ауданы №2 соты 25 қараша күні ұсталғандардың барлығын 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуге үкім шығарды.