АСТАНА, 27 қар – Sputnik.Кейбір облыстарда кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғып, жел күшейеді деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитеті.
Ақмола облысында төменнен соққан боран болады, желдің ұйытқуы 15-20, кей жерлерде 23 м/с. Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің күшеюі 15-20, кей жерлерде 28 м/с, кей жерлерде боран соғады, Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с, төменнен соққан боран болады. Қарағанды облысында – желдің күшеюі 15-20 м/с. Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, төменнен соққан боран болады деп күтіледі, желдің ұйытқуы 15-20 м/с.
Атырау облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, түнде желдің күшеюі 15-20 м/с. Қызылорда облысында кей жерлерде көктайғақ, боран, желдің күшеюі 15-20 м/с. Алматы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман. Батыс Қазақстанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің ұйытқуы 15-20 м/с.