Өңірлер

Қыс тақап қалды: синоптиктер алдағы мезгілге болжам жасады

CC0 / / Қыс
Қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер Қазақстанның солтүстігінде тұратын көлік жүргізушілерге жаздық дөңгелектерін қыстық дөңгелекке ауыстырсын деп кеңес береді.

АСТАНА, 17 қаз — Sputnik. Бұл жылы Қазақстанда қыс ерте түседі деп хабарлады "Қазгидромет" директоры Марина Шмидт.

"Казгидромет" баспасөз қызметі хабарлауынша, қарашада ауа райы құбылмалы болады, яғни жауын-шашын мен тұман, көктайғақ жағдайлары жиі болады. Қазақстанның басым бөлігінде температуралық режим климаттық норма аясында қалыптасады, ал жауын-шашын нормадан артық түседі деп күтіледі.

"Қазақстанда қыс ерте келіп, қарлы болады. Қараша айының бірінші жартысында еліміздің солтүстік өңірінде қар тұрақты жамылғысы болады, ал оңтүстік өңірлерінде қарашаның екінші жартысында қар жатады", — деді Шмидт дүйсенбі күні брифингте.

Оның айтуынша, күз соңында ауа-райы құбылмалы болып, тұман, көктайғақ жағдайлары жиі болады. Қазақстанның басым бөлігінде температуралық режим климаттық норма аясында қалыптасады, ал жауын-шашын нормадан артық түседі. 

қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстан тұрғындарын дүйсенбіде бұлтты ауа-райы күтеді

Айтарлықтай суық температура қарашаның екінші онкүндігінің соңында және үшінші онкүндікте болжанады. Ол кезде солтүстік, шығыс, орталық өңірлерінде ауаның сынап бағанасы түнде 15-27 градусқа дейін төмендесе, күндіз  8-16 °C температураны көрсетеді. Ал батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс аумақтарда түнде 5-12, күндіз 0-5 градус деңгейінде байқалмақ деп хабарлады баспасөз қызметі.

Синоптиктердің алдын ала болжамы бойынша, желтоқсанда Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облысының оңтүстігінен басқа аймақтарда орташа ауа температурасы климаттық мәннен 1°C-қа жоғары болады.

"Бастапқыда ауа райы салыстырмалы түрде жылы болғанымен, алдағы қыс біршама суық болады", — деді Шмидт.

Қаңтарда температура көп жылдық мәннен 1°C-қа төмендеу болады, тек Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде көп жылдық орташа мәнге ие болады.

Ақпан айында айлық орташа ауа температурасы Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында климаттық мәнге ие болады деп күтілуде. Басқа аймақтарда көпжылдық орташа мәннен төмендеу болады. 

Марина Шмидт Қазақстанның солтүстігінде тұратын көлік жүргізушілерін алдағы уақытта көктайғақ болады деп ескертті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта солтүстік облыстардағы қар жамылғысының қалыңдығы бірден төрт сантиметрге дейін жетеді.


Жаңалықтар
0